Президент Қазақстанның Грузиядағы Елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады.

Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент  Н. Ноғаевты қабылдады 

Бұдан соң мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Маңғыстау облысының әкімі президентке өңірдің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады. Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді. Президент жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.