ҚР Парламенті Сенатына БҚО-дан 8 кандидат ұсынылды

Батыс Қазақстан облысында сенаторлықтан үмітті 8 адам өз кандидатурасын ұсынған, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, мәслихат хатшысы, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Әзірге екі үміткер тіркеуден өтті. Оларды таңдау үшін барлық деңгейдегі мәслихаттардан 186 сайлаушы өз дауысын бере алады. Үміткерлерді тіркеу жұмыстары 24 желтоқсанда аяқталады. Содан кейін сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталады.    

Ғайса Қапақов, БҚО бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 14-і күні жабық дауыспен әрбір депутат өз кандидатына дауыс береді. Соның біз қорытындысын шығарамыз, жария, ашық түрде. Керекті байқаушылар боламыз десе соларға орын береміз. Қарап бәрін көрініп, ашық көрсетіп соның бәрін жасаймыз.

Сондай-ақ...