Үндістандық ірі компания Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Үндістандық Adani Group энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған компания президенті Гаутам Адани айтты. Кездесу барысында ұзақ мерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Мемлекет басшысы Adani Group-тың өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарын оң бағалады. Сосын еліміз көлік жолдарын әртараптарандыруға, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға басымдық беріп жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ...