Қ.Тоқаев Stadler Rail AG директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Швейцариялық компания Қазақстанда жолаушылар вагондарын шығаруы мүмкін.

Бүгін Мемлекет басшысы еуропалық Штадлер Рэйл Эйджи компаниясының төрағасы Петер Шпулерді қабылдады. Тараптар бірлескен жобаны жүзеге асыру жайын талқылады. Петер Шпулер қазақстандық аллюминийді пайдалану мен өндірістің толық циклін жолға қою жоспарларымен бөлісті. Мәселен, 2030 жылға қарай қажет бөлшектердің жергілікті өндірісін 35 процентке дейін жеткізіп, қазақстандық тауарларды экспортқа шығару көзделіп отыр. Кездесуде кәсіпорында жұмыс істейтін мамандарды даярлау мәселесі де қозғалды. Ол үшін отандық жастарға оқу орталықтарын ашып, жергілікті оқу орындарымен қарым-қатынас орнатылмақ. Бұл жоба Қазақстан мен Швейцарияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтатуға оң әсерін тигізуге тиіс.