Еліміздің туы Дубайдағы Бурдж Халифада бейнеленді

Тәуелсіздік күні мерекесінің құрметіне әлемдегі ең биік ғимаратта Дубай қаласындағы Бурж Халифада Қазақстан туы бейнеленді.

"Бурдж-Халифа Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне жағылды. Ел халқына гүлдену мен бейбітшілік тілейміз", - делінген ғимараттың Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Сондай-ақ бұл жазбада Қазақстан әнұраны қоса шырқалады.