Астанада Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтті

Астанада генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Онда Қарулы күштердің биылғы жауынгерлік дайындығы қорытындыланып, алдағы жылға нақты тапсырмалар қойылды. Қорғаныс министрі атап өткендей, өткен жылы қызметтің негізгі бағыттары Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларға арналды. Ол - Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту, цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру, армияны қазіргі заманғы жоғары технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен қайта жарақтандыру. Қорғаныс ведомствосының басшылығы әскери қызметшілердің әлеуметтік қолдау назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, 2021-2023 жылдары жеке құрамның ақшалай үлесін жоспарлы түрде арттыру шаралары жүргізілуде.