Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Р.Баталовты қабылдады

Президент «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысына отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы баяндалды. Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының есебін тыңдап, стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүддесін ескеру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін, ұсынылған шаралар мен «Атамекенді» трансформациялау тәсілдерінің өзектілігін атап өтті.