Үкіметте активтерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі шаралар талқыланды

Үкіметте ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк теміржол қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет,- деді. Сондықтан Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтаудың маңызды екенін айтты. Жиында  биылғы шешімдердің орындалуы туралы есеп тыңдалды. 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген, оның 93-і орындалған, қалғаны орындалып жатыр.