Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығында өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.