Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

Бүгін Сенат депуттарының сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Жоғарғы палатаға келуге барлығы 130 адам ниет білдірген, соның 66-сы құжатын толық тапсырып, ресми тіркелді. Үміткерлердің орташа жасы 51-де. Шамамен 70 пайызы ер адам, қалған 30 пайызы әйелдер. Биыл сенатқа 20 депутат сайланады. Осылайша, саяси науқанда бір мандатқа 3 үміткер таласады. Оларға облыстағы мәслихаттардың депутаттары дауыс береді.

Айта кету керек, кандидаттардың 95 пайызы өзін өзі ұсынғандар. Үлкені 67 жаста болса, ең жасы 31-де.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бүгінгі күні сағат 18:00-ден бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгіт насихат жұмыстарына кірісуге құқылы. Үгіт жұмыстары 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:00-ге дейін жалғасады.