loader


Парламент депутаттығына Маңғыстау облысынан 3 кандидат тіркелді

ҚР Парламенті депутаттарының кезекті сайлауына қатысуға Маңғыстау облысынан 3 кандидат тіркелген.

Қазір үгіт-насихат жұмыстары басталды. Жалпы облыста 7 адам саяси науқанға қатысуға ниет білдіріпті. Оның ішінде бір кандидат мәслихаттың шешімімен ұсынылса, қалған үміткерлер өзін-өзі ұсынған. Алайда кандидаттардың көпшілігі қойылған талаптарға сай келмепті. Ал тіркелген үш үміткердің ішінде екеуі - мемлекеттік қызметкер, біреуі - кәсіпкер.

Елубай Әбілов, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу 13 қаңтар 00:00 уақытқа дейін жүргізіледі. Кандидаттарымыз таңдаушыларменен кездесу арқылы үгіт-насихаттарын жүргізе алады және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана алады. Таңдаушылар дегеніміз облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттары.

Сондай-ақ...