Мәжіліс жиыны «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшiн жоюға арналды

Мәжілістегі бірінші мәселе – «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшiн жоюға арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағыттағы заң жобасын бүгін палата комитеті талқылауға алды. Енді жұмыс тобы құрылып, заң жобасы жалпы отырысқа шығарылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Толық осы заң күшін жояды. Толық жоюға арналған бұл заң жобасы. Бүгін өзіміздің жұмысқа алғанымыз. Соның ішіндегі барлық норма күшін жояды деген сөз.

Енді нақты не алынып тасталатынын ашып айтсақ. Ата заң бойынша экс президенттің бәрі жалақының белгілі бір мөлшерін алып, санаторийге бара алады. Сосын күзеті қалады. Бұл кез келген экс президентке қатысты норма. Ал, Елбасының өзі мен туыстарына жасалған артықшылықтар болмайды. Мәселе осыда. Заң тек «экс президент» деген нормамен шектеледі. 

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Артықшылықтар, эксклюзивті баптар алынып тасталады бірінші. Біз заңдарстырып жатырмыз экс президенттерге көрсетілетін баптар бар, барлығына бірдей қарауымыз керек.

ДЕПУТАТ: ЖЕРДІ ӘКІМДЕР АЛЫП АЛҒАН

Осыдан соң жер мәселесі қаралды. Бұл тақырыпқа келгенде мәжілістегі ақжолдықтар ауыл шаруашылығы министрін біраз сілкіп алды. Жерді мемлекетке қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр деген Ербол Қарашөкеевтің сөзін депутат Берік Дүйсембинов жоққа шығарды.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірақ мен осы арада елдің "сәлемін" айтайын деп отырмын. Жақында елден келдік. Қай облысқа бармасаңыз, оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтарылған жер жоқ. Мал ұстап отырған, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Бірақ қолы күштілер сол бұрынғы қалпында алып қалған. Бұл жердің иелерін шығарып, тақтаға жазып қоюға кім кедергі?  Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр барлығы. Бірақ жаңа  баяндамаңызда айтылғандардың барлығы өтірік. Халықтың барлығы наразы. Мал ұстаған кісілерге жер жетпей жатыр. Сіздер әдемі баяндаманың орнына осыны нақты қашан қолға аласыздар, соны айтыңызшы.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мынау әкімдердің жерін тиіспей біз қорғап отырмыз дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі, биылғы жылы 5,2 млн гектар жерді қайтардық.  Бұл - сол бұрынғы әкімдер, олигархтардың жерлері. Алдағы жылы да тағы 5 млн гектар жер қайтарамыз. Ол жұмысты жандандырып жатырмыз. Бірінші қаңтардан бастап оның бәрі анық көрсетіліп отырады порталда. Ол да жұмыс қой, бұрын болмаған жұмыс.

Жаңа жылдан бастап жердің интерактивті картасы іске қосылмақ. Сол кезде әр гектар жерді әрі жерге қатысты толық мәліметті халық ашық көре алады.

Қорған Қонысбайұлы

Сондай-ақ...