Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы артып келеді

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы артып келеді.

Сондықтан өнімді тасымалдау кезінде «тар дәліздерді» кеңейтіп, жалпы әкімшілік кедергілерді жою маңызды. Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен кездесу кезінде осындай мәселе көтерді. «Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», — деді. Сонымен қатар тараптар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.