loader


Ерлан Қарин биылғы жылдың негізгі үрдістерін атап өтті

2022 жылды "кешенді реформалар жылы" деп атауға болады. Мұны Мемлекеттік Кеңесші өзінің телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерлан Қарин бір жылда жүргізілген идеологиялық жұмыстардың қорытындысын жасап, биылғы негізгі үрдістерді атады. Президент биыл екі Жолдау жариялады. Нәтижесінде саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасы қолға алынып, конституциялық реформа жасалды. Экономикалық құрылым өзгертіліп, монополиялық жүйе жойылып жатыр. «Бұл реформалар дамуға серпін береді», - деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- Биыл басталған және жүзеге асырылған реформалар әрі қарай алға жылжуға серпін береді. Сондықтан Президенттің осы жылғы реформалары келесі 2023 жылғы саяси күн тәртібін анықтап береді деп айтуға болады. Тарих беттерінде қалып бара жатқан жылы қоғамда жаңғыру басталды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа тұлғалар пайда болып, жаңа қозғалыстар мен бірлестіктер, соның ішінде саяси партиялар құрылды. Ұлттық құрылтай жалпыұлттық диалогты жаңа институционалдық деңгейге шығарды.

Сондай-ақ...