Ақмола облысынан Сенат сайлауына үш кандидат қатысады
Ақмола облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді.
Алғашында олардың саны бесеу еді. Бірақ көп ұзамай екеуі өз еркімен сайлауға қатысудан бас тартты. Барлық кандидаттардың заң талаптарына сәйкес келетіндігі тексерілген. Айталық, саяси науқанға аймақтағы 234 депутат қатысады. Дауыс беру облыс орталығындағы оқушылар сарайында өтеді. Қазір үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Облыстық, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өздерінің бағдарламасын таныстырып жатыр. Сосын облыстық «Арқа ажары» және «Ақмола Правдасында» газеттерінде өздерінің мақалаларын, өз ұстанымдарын жариялауда. Сондай-ақ теледидарға шығып өз бағдарламасын айтуға тиісті. Мемлекет тарапынан бұл жұмыстарға қаражат бөлінді. Енді олар сол қаржыны игеруге тиісті.