Оралда Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді
БҚО-да Парламент Сенатына депутат болуға 3 үміткер тіркелген.
Олардың орташа жасы 52-де. Үміткерлердің бірі мемлекеттік қызметші, сондай ақ «Ауыл» партиясының өкілі мен қоғамдық ұйым белсендісі. Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Ғайса Қапақов, БҚО бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- 13 күні үгіт-насихат жұмыстары тоқталады, 14 күні біздер сайлау өткіземіз. Сағат 09:00-дан бастап тіркеу басталады. 10:00-де сайлау басталады. Сол кезде 50% алған кісі өзін депутат етіп сайланды деп есептеуге болады.