loader


Сенат сайлауына ШҚО-дан үш кандидат қатысады

Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Шығыс Қазақстан облысынан үш кандидат түседі.

Өзін өзі ұсынған үміткерлердің барлығы ер адамдар. Қазір үгіт-насихат жұмысы жүргізілуде. Өңірлік сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттар өздеріне дауыс беретін азаматтармен онлайн режимде де кездесе алады. Сайлау күні аймақтың облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 146 депутаты өз таңдауын жасайды.

Жанар Алқанова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

- Кандидаттардың орташа жасы 52. Ең жасы 44-те. Ең ересегі 61 жаста. Қазіргі уақытта үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Депутаттардың тұрғылықты жері таңдаушылармен кездесу жүргізуде.

Сондай-ақ...