Әлібек Қуантыров: Инвестиция көлемі артып келеді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болған.

Осылайша, жоспардың 94% орындалды. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Жалпы инвестиция көлемі артып келеді. Отырыста бұл ахуалды күшейту мақсатында бірқатар ұсыныс қаралды. Мәселен, мемлекеттік преференцияларды алу үшін органдардың өтінімдеріндегі келісу мерзімін қысқарту. Мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту мәселелері пысықталды. Бұл ұсыныстарды Премьер-министр Әлихан Смайылов қолдады. Сондай-ақ жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшелікті ескеру қажеттігін атап өтті.