145 кірме теміржол мемлекет меншігіне өтеді

Бірқатар жеке компаниялардың меншік иелері 145 кірме теміржолды республика меншігіне беру туралы ұсыныс білдірген. Бұл туралы  Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімді жүргізуді тапсырды. Теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жалғасады. Комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне беру жөніндегі жұмыстың барысын да қарады.