Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы А. Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдап, саланың сапасын арттыруға бағытталған реформаның жүзеге асырылу барысын тыңдады.

Жоғарғы Сот төрағасы реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті. Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, сондай-ақ анағұрлым шетін салалар бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады. Ал ұзақмерзімді жұмыс тәртібінде кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу қарастырылған.

Сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібі енгізіліп, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдары жойылады. Жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясы кеңейтіледі.