Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Былтыр отандық бизнеске қатысты 4 мыңнан аса өтініш келіп түсіп, оның 34 проценті оң шешімін тапты.

1030-ы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Мемлекет басшысының қабылдауында мәлімдеді. Ол атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде ақпараттарды баяндады. Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді. Сонымен қатар Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.