БҚО-да түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалады

Батыс Қазақстан облысында 130 мемлекеттік қызметшінің орыны бос тұр.

Ал дәл қазіргі күні аймақта еңбек етіп жүрген 3 мыңнан аса мемлекеттік қызметшінің 18 проценті 29 жасқа дейінгі мамандар екен. Биыл жоғарғы оқу орындарын тәмамдайтын үздік түлектер ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалады. Ол үшін жас кадрлар оқуға грантпен түскен және оқуын жақсы аяқтаған болуы шарт. Мақсат - жастардың жұмысқа кедергісіз орналасуына мүмкіндік беру. Осы арқылы оларды мемлекеттік қызметке ынталандыруға және өңірлердегі кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік туады. Әрі қызметкерлердің жауапкершілігі арта түседі, дейді сала басшылары.

Мұрат Байсалов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы:

- Қазіргі таңда облысымызда 130 жуық вакансиялар бар. Соның ішінде ең көп тапшылық сол аудандық, ауылдық деңгейдегі мамандарда. Облысымызда 1500-ге жуық штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметші бірліктері бар. Нақты айтатын болсақ 1416 мемлекеттік қызметші жұмыс істеуде.