Премьер-Министр: мектептердің қауіпсіздігін тексеру қажет

Еліміздегі мектептердің қауіпсіздігін тексеру қажет. Премьер-Министр Үкімет отырысында осындай тапсырма берді.

Әлихан Смайылов Петропавлда болған оқыс жағдай халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанын айтты. Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.