АҚШ-тың жемқорлыққа қарсы иммунитеті мықты

Америка Құрама Штаттарында жемқорлық пен пара беруге қоғамдық иммунитет қалыптасқан.

Мемлекетке деген адалдық, парасаттылық сияқты құндылықтарды қалай кеңінен таратуға болады? Қандай механизмдері бар? Отандасымыз Айбек Қабылдин осы бағытта АҚШ-тың Сиракьюс Университетінде білімін тереңдетіп, жан-жақты зерттеулер жүргізіп жатыр. Болашақтың 500 ғалым жобасы бойынша степендианты АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден диплом алған жоғары оқу орынындағы әйгілі Максвэл мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында тағылымдамадан өтуде. Айбектің айтуынша АҚШ-та қарапайым тұрғындар арасында пара беруге мүлдем төзбеушілік бірден байқалады. Жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұрады әрі оны ауыр қылмыс деп санайды. Демек, қоғамға адалдық құндылықтары мен әдепті кең насихаттап жемқорлыққа мүлдем төзбеу қасиеттерін қалыптастыра білген. Онымен күресу үшін азаматтық жауапкершілік әр адамның бойында бар. 

Айбек Қабылдин, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қызметкері:

- Егер де адамның жүрыс тұрысында, іс-әрекетінде қандай да бір күдікті, күмәнді мәселелер болса, оның басқа әріптесі жауапты тұлғаға оны барып айта алады. Осындай да осындай, менің күмәнім бар деген сияқты және сол күмән ешқандай дәлел болмаса да назарға алынады. Оны ойлаудың өзі былайша айтқанда, оны іске асыруға ұмтылудың өзі қылмыс деп қарастырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы ең қатаң қылмыс түрімен жазаланады. Бұл тек бас бостандығынан айыру емес, бұл жақта экономикалық жаза өте қатаң. Миллиондаған доллар айыппұл салынады.