Сонымен жалпы саны 29 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға 609 кандидат ұсынылды.
Яғни бір мандатқа 15 адамнан келді. 7 саяси партиядан 79 кандидат тіркелсе, төрт қоғамдық бірлестіктен 5 кандидат, 525-і өзін-өзі ұсынған. Қорытындысында жалпы саны 435 кандидат тіркелді. Ал мәслихат депутаттарын сайлауда бір мандатқа 3-тен аса адам үміткер немесе 10288 кандидат тіркелген.
