loader


Respublica партиясының өкілдері Алматыда бас қосты

Respublica партиясының өкілдері Алматыда бас қосты. Әуелі қаладағы бас штабта жиналғандар, елдегі өзекті  мәселелерді талқылады.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту негізгі әңгіме өзегіне айналды. Партия жетекшілері өз ұсыныстарын ортаға салды. Басқосудан кейін арнайы автобусқа мінген партия жетекшілері мен депутаттықтан үміткерлер аймақтарға сапарларын бастап кетті. Республикалықтар халықпен алғашқы кездесулерін осы оңтүстік астанадан бастауды ұйғарыпты. Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау: «қолдаушыларымыздың басым бөлігі жастар», дейді. Оның айтуынша, бұл сайлау нағыз бәсекеге толы науқан болмақ.

Сырымбек Тау, Respublica партиясының тең төрағасы:

- Жалпы осы сайлауды мен өзім үміттеніп тұрғаным, бұрынғы сайлаудан қарағанда көп адам дауыс береді деп ойлаймын. Өйткені біздің Алматы қаласында басталған бірінші турнирде өте көп жастар келді. Осы сайлау нағыз бәсекелестік болады. Және адамдар ең дұрыс таңдауын жасайды.

Сондай-ақ...