loader


«Байтақ» жасылдар партиясы бүгін бірнеше қалада «Таза өмір» марафонын бастады

«Байтақ» жасылдар партиясы бүгін бірнеше қалада «Таза өмір» марафонын бастады. Салауатты өмір салтын ұстанған саяси құрылым басшылығы мен белсенділер елордадағы орталық саябақта бас қосты.

Олар газтұмылдырығы мен бетперде киіп, 10 шақырым жүгіріп өтті. Іс-шараға экологтар мен волонтерлер де қолдау көрсетті. Акция ірі қалалардың экологиялық мәселелері мен ауаның ластануына қоғам назарын аударуды көздейді. Сондай-ақ жаңартылатын энергияны пайдаланудың артықшылықтарын меңзейді. Марафон бүгін Алматы мен Теміртауда да ұйымдастырылды. Жалпы акция республика қалаларында апта бойы жалғасады.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Ауаның ластануы адам денсаулығына қатты әсер беріп жатыр. Осы шара арқылы біз көрсеткіміз келеді. Егер осы ауа ластана беретін болса, ертең бәрі противогаз киіп, сондаймен жүретін болады депші. Соны жеткізгіміз келеді.

Сондай-ақ...