Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кездесу барысында Президентке Конституциялық Соттың жұмысы мен азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтылды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ашықтық пен Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз ету және Ата заңның сақталуына бақылауды күшейту маңызды екенін атап өтті.
