loader


ҚХП Астанада Аналар құрылтайына қатысты

Қазақстан Халық партиясының өкілдері сайлауалды науқанын бүгін Астанада жалғастырды.

Елорда төрінде Аналар құрылтайын өткізіп, партияның тұғырнамасын түсіндірді. Саяси ұйым өкілдері жиналғандарға сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі баяндап, алдағы максат-жоспарларымен бөлісті. Құрылтайға келген аналардың ой-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Жалпы алдағы келе жатқан саяси науқанның маңыздылығы айтылып, мән-мағынасы түсіндірілді. Қазақстан халық партиясының өкілдері алдағы күндері ел ішін аралап, ұйымның тұғырнамасын түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек. 

Ермұхамет Ертісбаев, "Қазақстан халық партиясы" ҚБ Төрағасы:

- Әрине елімізде көпбалалы аналарға көңіл бөлініп келеді. Бұл істі жетілдіре түсуіміз маңызды. Жалпы отбасы қазақ қоғамының асыл құндылығы екенін әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Бәріміз сол алтын ұядан шықтық. Сондықтан саяси өмірімізде көпбалалы аналар басты назарда болуы тиіс.

Сондай-ақ...