loader


«Байтақ» партиясының өкілдері ШҚО-да еңбек ұжымымен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері елдің шығысында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық және өңірлік штаб өкілдері Өскемендегі қоқыс сұрыптау зауытына ат басын бұрып, еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу аясында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат материалдары таратылды. Зауыт жұмысшылары еркін диалогта қоршаған орта мен экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Бірегей зауыт өткен жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорын сағатына 25 тоннаға дейін қалдықтарды сұрыптауға қауқарлы. Тек Қазақстанда емес, жалпы Орталық Азия кеңістігіндегі бірегей зауытта жұмыс толығымен автоматтандырылған. Партия өкілдері алдағы уақытта қалалықтармен де кездесулер ұйымдатыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Өскеменде өндіріс ошақтары көп. Сондықтан мұнда ауаның ластануы мен экологияға қатысты қордаланған мәселелер аз емес, - дейді партия белсенділері.

Сондай-ақ...