«Ақ Жол» партиясы Алматыда үгіт-насихат жұмысын жалғастырды

«Ақ Жол» демократиялық партиясының кандидаттары Алматыда үгіт-насихат жұмысын жалғастырды.

Бүгін қала маңындағы мекемелерді аралап, теміржолшылар, ұстаздар, әртүрлі бизнес өкілдерімен кездесті. Партия Төрағасы Азат Перуашев жұртшылыққа ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. «Ақжолдықтар» үгіт-насихат кезеңі аяқталғанға дейін еліміздің барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр. Партия парламент мәжілісі депутаттығына 71 кандидатты ұсынды.

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:

 - Біз бүгін міне Алматы локоматив депосына келдік. Алматыдағы теміржолшылармен сөйлесіп, олардың қазіргі жағдайы, олардың қазіргі проблемаларын талқылап. Әрине партиямыздың жүргізетін жұмысы қызметі жөнінде ақпарат бердік. Және де олар көтерген ұсыныстарды, сұрақтарды талқыладық, жауап беруге тырыстық.