loader


ЖСДП штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Олар бүгін Астана тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сондай-ақ елордалықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, үгіт парақшалар барлық өңірлерге жеткізілген. Бұл науқанға мыңға жуық волонтер қосылыпты. Ұйым мүшелері еліміз бойынша 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:

 - Агитматериалдар таратып жатырмыз. Бүкіл өңірлерге жеткізілді агитматериалдарымыз. Біздің материалдарымыз әр үйге кіреді деп сенімдіміз. Өйткені көмекке келген өте көп волонтерымыз бар. Волонтерлер келіп, қазір олар әр үйге кіргізіп жатыр, әр магазинге таратып жатыр.

Сондай-ақ...