loader


Партиялар саяси қарым-қабілетін дәлелдеуі керек

Алдағы сайлау партиялар үшін үлкен сынақ болмақ.

Өйткені олар өздерінің саяси қарым-қабілетін басқа үзеңгілестерімен тең дәрежеде дәлелдеуі керек. «Сарап» эксперттік клубының отырысында сарапшылар осылай деді. Саясаттанушылар саяси пікірталастың жаңа мәдениетін қалыптастыруға берік негіз қаланды деп отыр. Сәйкесінше елдің саяси өміріне қызығушылық танытатын азаматтардың қатары артқан. Алдағы сайлау науқанында дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болады деген болжам бар. Алдын ала жүргізілген ашық әлеуметтік сауалдың қорытындысы осындай.

Риззат Елубаев, саясаттанушы:

- Бүгінде басты назар бір округтік мандаттан  сайлауға түсіп жатқан үміткерлерге түсіп жатыр. Өйткені партиялық тізім бойынша түсіп жатқан кандидаттар партиялық риторикамен шектеулі болса, керісінше оларға ондай шектеу жоқ, Екінші мәселе, осы сайлау науқанында сайлаушылардың қатысу деңгейі өте жоғары болады деп болжануда. Алдағы ашық әлеуметтік сауалдар бойынша бүгінгі таңның өзінде 53 пайызға жуық адам сайлауға қатысам деген екен. 34 пайызға жуық адам әлі толық шешім қабылдамадым деген.

Сондай-ақ...