Кез келген адам немесе ұйым сайлау тақырыбында сауалнама жүргізе алмайды.
Оның заңмен бекітілген регламенті бар. «Адал сайлау» республикалық штабының өкілдері, бүгін осы мәселеге қатысты арнайы брифинг өткізді. Заңгерлердің айтуынша, арнайы құзыреті жоқ азаматтардың, сайлау туралы әлеуметтік желіде сұрау салуы, заңға қайшы келеді. Жалпы елімізде қоғамдық пікірді білу мақсатында, сауалнама жүргізуге тек 5 ұйымның рұқсаты бар. Олар орталық сайлау комиссиясында тіркелген. Жиында сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне сауалнама қорытындысын жариялаудың жөн-жосығы түсіндірілді. Атап айтқанда, сауалнаманы қандай ұйым жүргізді, оған неше адам қатысты, қандай сауалдар қойылды, және қателіктердің коэ-ффиценті, міндетті түрде ақпарат құралдарында айтуылуы тиіс.
Жанар Бұқанова, «Адал сайлау» республикалық штабының мүшесі:
- Сауалнама жүргізер алдында әртүрлі ұйымдар, осы зерттеулерді жүргізетін ұйымдар орталық сайлау комиссиясына өтінішін береді. Ол тіркеледі, сонымен қатар осы керекті құжаттар яғни осы ұйымның тәжірибесі болуы керек бес жылдан аса, қандай сауалнама жүргізеді, түрлері көрсетіледі. Заңды ескеру керек, бес күнге дейін сайлауға дейін қорытындыларды, қандай қорытынды болмасын оны жариялауға болмайды.
