«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін партиялықтар Шығыс Қазақстан облысына барды. Зайсан қаласында штаб мүшелері аудандық көпсалалы ауруханда болып, ұжыммен денсаулық сақтау саласын дамыту шараларын талқылады. Бұдан бөлек, аманаттықтар Зайсан және Тарбағатай аудандарының жұртшылығымен кездесті. Жүздесуде шекаралас елді мекендердегі көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері талқыланды. Жалпы, штаб мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлермен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Алдымызда сайлау келе жатыр ғой. Сол сайлаудың алдында қазір ел-елді аралап жүрміз. Облыстарды аралап жүрміз. Сол барған кезде бірінші кезекте орталықты, әдемі жерлерді ғана емес, біз ең шалғай жерлерді аралап жүрміз. Әдейі өзіміз жоспарлап, осы Өскеменде басқа азаматтар жұмыс істеп жатыр. Біз осы міне сіздердің қалдарыңызды білейік, әңгімелесейік, кездесейік деп келдік.
