Respublica партиясының өкілдері Шымкентте. Саяси ұйым мүшелері әуелі қаладағы бас штабқа аялдады. Үгіт-насихат науқанының алғашқы 6 күніне талдау жасап, алдағы жоспарларын нақтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жиынға студенттер де қатысты. Олар IT саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, қаланы көркейту жолындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мұнан соң кандидаттар қала тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын баяндады. Тұрғындар да саяси науқан жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Партия мүшелерінің айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кандидаттар бұған дейін Алматы, Астана, Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев және Тараз қалаларында болды. Бүгінгі күнге дейін үгітшілер 30 мыңнан астам адаммен жолығып, сайлау барысынан мағлұмат берген.
