loader


ҚХП өкілдері Павлодардағы мұнай-химия зауытында болды

Қазақстан Халық партиясының республикалық сайлауалды штабы аймақтарды аралауды жалғастырып жатыр. Бұл жолы олар Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компания жергілікті мұнай өңдеу зауытының базасында жұмыс істейді. Ол бензин қоспалары мен полипропилен түйіршіктерін өндіруге маманданған. Жылдық қуаттылығы 50 мың тоннадан асады. Бұл көрсеткішті тағы да арттыру ойда бар, - дейді зауыт өкілдері. Өйткені шикізатқа ішікі нарықта сұраныс жоғары. Сонымен қатар отандық өнім Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Тәжікстанға экспортталады. Зауытта жергілікті тұрғындар еңбек етеді. Үгіт-насихат тобының мүшелері оларға партияның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, кәсіпорын жұмысшыларының ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Владимир Нагыманов, ҚХП Республикалық сайлауалды штабының мүшесі:

 - Біз депутаттыққа кандидаттармен бірге осы өңірдегі басты кәсіпорын саналатын мұнай-химия зауытына келдік. Мұнда 900-ден астам адам жұмыс жасайды. Ұжымға партиямыздың бағдарлама мазмұнын таныстырдық. Осындағы еңбек адамдарымен пікір алмастық. Түрлі ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ...