«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері киелі Түркістан өңіріне ат басын тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Республикалық штаб басшылығы Түлкібас ауданындағы бірқатар елді мекенде болып, ауылдағы ағайынмен жүздесті. Әуелі Түлкібас кентіндегі мектепте ұстаздармен кездесу өткізді. Одан кейін Рысқұлов және Қожанберді ауылдарының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Еркін диалог барысында жиналғандарға алдағы саяси науқанның маңыздылығы да кеңінен түсіндірілді.
Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясы Республикалық штабының басшысы:
- Елді мекендердің, жалпы айтқанда, сайлауға дайындығы жоғары деп айтуға болады. Неге десеңіз, жергілікті биліктің оған жағдай жасағаны көрініп тұр. Алдымызда келе жатқан сайлау жоғарғы деңгейде, ұйымдасқан деңгейде, саяси деңгейде өтеді деген ниеттеміз.
