loader


«Ақ жол» партиясы Қызылорда облысында үгіт-насихат жұмысын жалғастырды

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Қызылорда облысында үгіт-насихат жұмысын жалғастырды. Сыр елінде ақжолдықтар бірнеше мекемені аралап, жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлауалды бағдарламаны жіті таныстырып, көпшілік қойған сұрақтарға жауап берді. Саяси науқанның маңызы түсіндірілді. Аймақтағы бизнестің даму қарқыны талқыланды. Сондай-ақ мамандармен жол құрылысындағы қордаланған мәселелер ортаға салынды. Екіжақты пікір алмасу ашық диалог форматында жүргізілді.

Рахымжан Тілеулиев, серіктестік директоры:

- Бүгін біздің мекемеге де депутаттыққа үміткерлер келді. Соның ішінде біздің мекеме жұмысшыларымен әңгіме болды. Сұрақтарымызға жауап берді. Ашық диалог форматында өтті деп санаймыз.

 

Сондай-ақ...