Қазақстан украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай ұстанымын құптайды.
Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешу қажет.
«Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз» делінген хабарламада. Сонымен қатар Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтті.
