Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидаттар Ақмола облысына барды.
Олар Ақкөл қаласында мал дәрігерлерімен кездесті. Жалпы елдегі ветеринарлардың орташа жасы 59. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде партия мүшелері өздері ойлап тапқан мобильді қосымша мен цифрлық тұғырнамасын таныстырды. Саяси ұйым өкілдерінің өңірдегі жұмыс сапары ертең Қосшы қаласында жалғасады.
Әли Бектаев, "Ауыл" партиясының төрағасы:
- Жалпы мынау мал шаруашылығындағы статистикаға көп нәрсе байланысты. Егер статистика дұрыс болмаса, онда қаржы да дұрыс жұмыс істемейді. Мал шаруашылығында пайдаланылатын вакциналар да дұрыс бөлінбейді.
