Қазақстан Халық партиясы республикалық үгіт-насихат штабының мүшелері елордадағы теміржол вокзалы кешенінің ұжымымен кездесті.
Кандидаттар сайлауалды бағдарламасында көзделген реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ теміржолшылардың қазіргі жай-күйімен танысып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. «Нұрлы жол» станциясынан тәулігіне 20-дан астам бағытта пойыз қатынайды. Жолаушылар ағыны 10 мыңның төңірегінде. Олардың еркін қатынасын үйлестіріп отырған мамандарға саяси науқанның маңыздылығы айтылып, мән-мағынасы түсіндірілді. Қоғамдық бірлестік атынан мәжіліс депутаттығына 66 үміткер ұсынылған.
Қайнар Жұмақожа, «Қазақстан Халық Партиясы» ҚБ төрағасының кеңесшісі:
- Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырып отырған іргелі мекемеде тұрмыз. Біздің мақсатымыз қазір өздеріңіз көрдіңіздер сайлауалды бағдарламамызбен таныстырдық және осындағы әрбір жұмысшылардың ұсыныс-тілектерін тыңдадық, жазып алдық. Сайлаушылармен кездесуіміз еркін форматта өтті. Әрбірі өзінің ойын ашық, нақты, дәлелді түрде жеткізді.
