«Ақ жол» партиясынан кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгін олар Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Жиында шағын және орта бизнестің даму қарқыны, кәсіпкерлікті қолдау жайы айтылды. Өңірдің азаматтары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Гүлжан Аязбаева, сайлауалды штаб мүшесі:
- Өздеріңіз білесіздер қазір сайлауалды үгіт-насихат жүргізіліп жатыр. Біз осы Ақ жол партиясы атынан, ақтөбе облысы атынан бірнеше ұжымдармен кездесіп жатырмыз.
