loader


«Ақ Жол» партиясының штабы үгіт-насихат жұмысын Шымкентте жалғастырды

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт насихат жұмысы Шымкентте жалғасты.

Алдымен олар дәрігерлер және кәсіпкерлермен кездесіп сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Аталған сала мамандары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды. Ел  ішіндегі өзекті мәселелер ортаға салынып, оны шешу жолдары талқыланды. Кездесу соңында партияның алдағы жоспары, сайлауалды тұғырнамасы кеңінен баяндалды. Жалпы партия өкілдері мен жиналғандар алдағы саяси науқанның маңызына тоқталды. Сондай-ақ, штаб мүшелері "болашақ" колледжінің ұстаздары және студенттерімен кездесті. Жастарға сайлауалды бағдарлама жіті түсіндірілді. Халықпен тілдесуді Ақжолдықтар Жаңа талап ауылының тұрғындарымен кездесіп қорытындылады. 

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:

-Бүгін міне біз Ақжол партиясының Республикалық штаб мүшелері шырайлы Шымкент қаласына келіп отырмыз. Міне бірінші кездесу өтті. Бірталай 300-дей адам қатысты. Түрлі әңгіме болды. Әрине алдымен өзіміздің саяси бағдарламамызды айттық. Қарасам халық көбісі біз атқарған жұмыстан хабардар екен. Және де қызу талқылау өтті.

Сондай-ақ...