loader


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

Ертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді. Бұл – мәртебелі қонақтың біздің елге алғашқы сапары. Хабарды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жеткізді.

Мемлекеттік хатшыны Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді. Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бүгінде Орталық Азия елдерінің СІМ басшылары өздерінің қатысуын растады. «С5+1»  министрлік кездесуінде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика, қоршаған орта саласындағы ынтымақтастығын одан ары дамыту, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланған. «С5+1» орталық тетігі өзін Орталық Азияның көпжоспарлы тетігін қамтамасыз ету ісінде өңірлік ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді дипломатиялық платформа ретінде көрсете білді. 

Сондай-ақ...