loader


Ақтөбе облысында сайлауға 643 үміткер тіркелді

Ақтөбе облысының 712 тұрғыны Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауына түсуге өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық комиссия олардың 643-ін тіркеді. Парламенттің төменгі палатасындағы бір орынға 16 үміткер ниетті болса, олардың екеуі салық декларациясын рәсімдеуде мүлт кетіп, саяси додадан сырт қалған. Сайлаушылар облыстық мәслихатты 71 кандидаттың арасынан іріктеп алады. Ең көбі аудандарға тиесілі. Бұларда 425 үміткер тіркелген.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында 525 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы биліктің дерегіне сәйкес өңірде 562 мың 590 облыс тұрғыны дауыс беруші қатысуы тиіс. 

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Ең көп кандидаттардың түсіп жатқаны ол енді Астана және Алматы қалалары мегаполистер бойынша. Облыстар бойынша ең көбі бізде болып есептеледі. Облыстардың ішінде 16 адам бір мандаттық округтен. Яғни, бір орынға 16 адам таласып отыр деген сөз. Облыстық мәслихаттың да бір сайлау округінен 7 адам тіркеліп тұрған кандидаттар бар. Бұл бір орынға 7 адам түсіп жатыр деген сөз.

Сондай-ақ...