loader


«AMANAT» өкілдері Абай облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті. Партиялықтар семейліктермен бірге қоғамдық көлікте жүріп, халықты мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сынды мәселелерді талқылады. Мұнан соң автобус паркінде өткен қоғамдық көлік саласы қызметкерлерімен кездесуде жолаушылар тасымалы мәселелері айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездесіп, өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шараларды талқылады.

Жалпы, Аманат партиясының мүшелері үгіт-насихат науқаны басталғалы бері өңірлерді аралап, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп жүр. Бұған дейін штаб өкілдері Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысындағы сайлаушылармен кездесті. Сонымен қатар кандидаттар саяси науқанның маңызы мен мәніне жіті тоқталып жатыр.

Сондай-ақ...