Елдегі салық органдары мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің табыс декларациясын тексерген.
Алайда үміткерлер ішінде оны жасырып қалуға тырысқан не мүлде тапсырмағандар бар болып шыққан.
Бұл туралы «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Адал сайлау үшін» штабының өкілдері мәлімдеді. Олар жоғарыда аталған жағдай бойынша 30-ға жуық фактітіркелген деп отыр.
Еске салсақ, «Адал сайлау үшін» штабы «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне бағынышты. Ол тұрғындарға сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіреді. Саяси науқанға қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіп, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге құқылы.
Әбдікәрім Ақжанов, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ атқарушы директоры:
- Салық декларациясында дұрыс ақпарат бермегені үшін ОСК, жергілікті СК оларды сайлау жұмысынан отказ берді. Өткен аптада 28 осындай факті тіркелді. Олардың бәрінде ОРК мен жергілікті СК өз шешімдерін шығарады. Бұзушылықтар аса көп емес, бірақ бар мысалы ең көбі ол 18-ші ақпанды тоспай 2-3 күн бұрын агитациялық жұмыс бастаған.
