«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігін қорытындылады.
Бүгінгі күнге дейін ел бойынша халықпен 3 250 кездесу ұйымдастырлыған. Оларға 15 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Республикалық маңызы бар қалалар мен барлық аймақтағы өңірлік штабтар кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Іс-шараларға білікті мамандар мен халықтың санына қарай волонтерлер тартылған. Үгіт-насихат материалдары толық жеткізілген. «Жұмыстар заң шеңберінде жүзеге асырылып жатыр», - дейді штаб басшылығы.
Қайрат Айтбай «Байтақ» жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы:
- Қамтылмаған халық арасында, жастар арасында бағдарламамызды көрсете отыра біз мүмкіндігінше үгіт-насихат жұмысының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде әр топтың сайлаушыларымен кездесуді алдымызға мақсат етіп отырмыз.
