loader


AMANAT партиясының штабы Солтүстік Қазақстан облысына барды

AMANAT партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Партиялықтар Мағжан Жұмабаев ауданында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Мұнан соң, штаб мүшелері Сарытомар ауылында зиялы қауым өкілдерімен сайлауалды бағдарламасын талқылады. Кездесуде ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дамыту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, Петропавлдағы электротехникалық зауытта қаланың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өтті.

Ерлан Қошанов, "AMANAT" партиясының төрағасы:

- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ауыл тұрмысын жақсарту мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір өңірге жасаған сапарымызда біз дихандармен кездесеміз. Сіздер ауылда жұмыс орындарын ашып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырсыздар.

 

Сондай-ақ...